Алматы онкология орталығында дәрі беретін робот іске қосылды

420

​Алматы онкологиялық орталығында дәрі-дәрмекті қабылдау, сақтау, дайындау және пациенттерге беру жұмыстарын автоматтандыратын роботтандырылған дәріхана кешені іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Алматы онкология орталығында дәрі беретін робот іске қосылды Фото: Алматы әкімдігі

Жаңа жүйе әр препаратқа жеке код беріп, оның медициналық мекемеге келгеннен бастап науқасқа берілгенге дейінгі қозғалысын цифрлық түрде бақылауға мүмкіндік береді.

Осылайша дәрі-дәрмекті есепке алу процесі жеңілдеп, адам қателігінің ықпалы азаяды. Орталықта препараттарды арнайы жабық әрі герметикалық жағдайда дайындайтын жүйе де енгізілді.

Қазір Алматы онкологиялық орталығында 38 мыңнан астам пациент диспансерлік есепте тұр. Жыл сайын медициналық мекеме 27 мыңнан астам адамға көмек көрсетеді.

Соңғы сегіз жылда орталықтағы емдеу қызметтерінің көлемі 2,5 есеге артқан. Ал онкологиялық науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 46%-дан 75%-ға дейін жоғарылаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу