Алматы Оңтүстік Кореяның танымал шоуында көрсетілді

230

"I Live Alone" шоуының Қазақстанға арналған шығарылымы 14 тамызда эфирге шықты.  

Алматы Оңтүстік Кореяның танымал шоуында көрсетілді Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматы Оңтүстік Кореяның MBC телеарнасындағы танымал "I Live Alone" шоуының арнайы шығарылымына арқау болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанға арналған бағдарлама 14 тамызда эфирге шықты.

Шоудың басты кейіпкері, тележүргізуші әрі комик Чон Хен-му сапар барысында Алматы әуежайында, Көктөбеде, Көк базарда, Арбатта және Қайыңды көлінде болды. Бағдарламада қаланың табиғаты, мәдениеті, ұлттық тағамдары мен күнделікті өмірі көрсетілді.

Шығарылым эфирден кейін интернетте де қызығушылық тудырды. MBC-нің ресми YouTube арнасындағы Қазақстанға арналған видео 500 мыңнан астам қаралым жинады.

Айта кетейік, 2025 жылы Алматыға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам турист келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу