Алматы - Орал бағытындағы рейсте баланың жүрегі тоқтап қалған

553

Балаға медициналық қолдау көрсетілді. 

Алматы - Орал бағытындағы рейсте баланың жүрегі тоқтап қалған Фото: inbusiness.kz

Оқиға FlyArystan әуекомпаниясының №7169 рейсінің бортында болған, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты Vecher.kz-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бала диспансерлік есепте тұр. Тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалған бала Алматы - Орал бағыты бойынша жүрген рейсте еді.

"Жолаушы ретінде ұшақ бортында болған облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері баланың жағдайын және алғашқы реанимациялық көмекті дереу бағалаған. Медициналық қолдау көрсетілді. Баланың жағдайы тұрақталды", - деп мәлімдеді ведомствода.

Ал Орал әуежайында баланы жедел жәрдем бригадасы күтіп алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу