Әлеуметтік желіде қаланың орталық көшелерінің бірінде болған жастар арасындағы жанжалдың бейнежазбасы тарады.
Бейнежазба авторының айтуынша, оның ұлы мен екі досын бір топ адам ұрып-соғып, смартфонын тартып алған. Жігіттердің бірі бетінен оқ тиген деген болжам бар.
Аталған оқиға Алмалы аудандық полиция бөліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта төбелеске қатысқандар мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу