Алматыда Төлебаев пен Әйтеке би көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желіде Алматының ортылығында жарылған жылу құбыры мен одан төбеге атқылаған ыстық судың видеосы пайда болды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, "Алматы жылу желілері" ЖШС апаттық бригадасы апатты дереу жоюға кіріскен.
Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке би – Қонаев көшелерінің бойындағы 1985 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан диаметрі 400 мм құбырдың зақымдануын жөндеу үшін ыстық су мен жылу беру уақытша тоқтатылды.
"Жөндеу жұмыстары бүгін түнгі сағат 23:00-ге дейін аяқталады. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.