Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қабылданған шаралардың арқасында сағат 15:58-де өрт оқшауланғанын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, 16:31-де өрт толық сөндірілген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің жалпы аумағы 310 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірушілер шатырдың едәуір бөлігін, үйді және сауда алаңын қорғап қалған.
Өрт кезінде ТЖД екі адамды, оның ішінде бір баланы құтқарып, 60 адамды, оның ішінде 13 бала эвакуациялаған.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт үйдің 1-ші және 2-ші қабатында орналасқан екі қабатты дәмханадағы қосымшада (ас үйде) орын алғанын, кейіннен өрт үшінші қабаттағы пәтерге ауысуқан.
Өрттен зардап шеккен пәтер тұрғындары қонақүйге орналастырылады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматының орталығынан өрт шыққаны туралы жазған болатынбыз.