Алматы орталығының тұрғындары жылусыз және ыстық сусыз қалды

292

Әкімдік аталған жұмыстың жоспарланғаны екенін айтты. 

Алматы орталығының тұрғындары жылусыз және ыстық сусыз қалды Фото: Inbusiness.kz

Алматының орталығында жылу кешкі уақытта өшірілді, деп хабарлайды қала әкімдігі "Алматы жылу желілері" ЖШС-не сілтеме жасап.

"Орталық жылу стансасындағы лай тоғанын тазалау жұмыстары кезінде Жарокова – Әл-Фараби – Желтоқсан – Тимирязева көшелерінде тұратын тұтынушыларды жылумен қамту қысқа мерзімге жергілікті жерде шектелді.Осындай жоспарлы шараларды өткізу сорғы стансасындағы жабдықтың толық істен шығуын болдырмауға мүмкіндік береді", - деді компания өкілдері.

Жылумен қамтуды толық қалпына келтіре отырып, сағат 23:30-ға дейін аяқтау жоспарлануда. Компания басқа тұтынушылар үшін салқындатқыштың параметрлері төмендемейтінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу