"Алматы-Өскемен" пойызында нәресте дүниеге келді

372

Алматылық жас келіншек пойызда қыз босанды.  

"Алматы-Өскемен" пойызында нәресте дүниеге келді Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Жүктіліктің соңғы айында жолға шыққан алматылық әйел пойызда қыз баланы дүниеге әкелді. Вагон жолсерігі Бағдагүл Әбдәқұлова және пойыз бригадасының басқа да қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, әйелді аман-есен босандырып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас ана Жансая Көкенова жүктіліктің соңғы айында Алматыдан Өскеменге №352 пойызбен жолға шыққан. Пойыз жөнелтілгеннен кейін Екаша-Айыртау станциялары арасында жолаушының толғағы басталған. Вагон жолсерігі Бағдагүл Әбдәқұлова және пойыз бригадасының басқа да қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, босануды аман-есен қабылдады. Қыз 7 ақпанда сағат 13:30-да дүниеге келді.

Пойыз бригадасы жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырған. Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

"Өскемен станциясына келгеннен кейін қызды анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады. Жолсерік Бағдагүл Әбдәқұлова теміржолда 23 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Бұл оқиға оның тәжірибесінде бірінші рет орын алып отыр", - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарламасында.

Айта кету керек, пойыз бригадаларының қызметкерлері стандартты емес жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тұрақты негізде оқытылады. Соңғы 3 жылда "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарында 12 бала дүниеге келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу