"Алматы-Өскемен" тас жолында қар құрсауында қалған 50 адам әскери техникамен эвакуацияланды

548

Бұдан бөлек 10-ға жуық көлік те құтқарылды. 

"Алматы-Өскемен" тас жолында қар құрсауында қалған 50 адам әскери техникамен эвакуацияланды Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарулы күштердің "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жолдарды тазартуға, қолайсыз ауа райынан жолда тұрып қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетуге жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желдің күрт күшеюі және қатты боран салдары шығыс аймақтағы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда қиындық туғызды.

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, ТЖМ аумақтық құтқару бөлімшесіне Аягөз гарнизонындағы танкистер құрамасы мен инженерлік-саперлік батальонның әскери қызметшілері көмекке келген көрінеді.

"Алматы-Өскемен" тас жолының 40 шақырымында броньды танк қызметінің бастығы майор Ержан Быжкеевтің басшылығымен әскери қызметшілер қар құрсауында қалған 50 адам мен 10 шақты көлікті арнайы техникамен эвакуациялады. Олардың бәрі Аягөз қаласына жеткізілді. Бүгінгі таңда құтқару жұмыстарына 5 әскери техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу