Алматы – Өскемен тасжолында 35 тонна күнбағыс дәні тиелген жүк көлігі аударылып қалды

143

Жетісу облысында полицейлер аударылған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті. 

Алматы – Өскемен тасжолында 35 тонна күнбағыс дәні тиелген жүк көлігі аударылып қалды Фото: бейнежазбадан

Оқиға Алматы – Өскемен тасжолында болды. 35 тонна күнбағыс дәнін тасып келе жатқан тіркемелі жүк көлігі жолдан шығып, аударылып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Шақырту бойынша жеткен тәртіп сақшылары фураны қалпына келтіруге және өнімді жинауға жәрдемдесті.

Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Ол көрсеткен көмегі үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Полиция жүргізушілерге жолда мұқият болып, қозғалыс ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу