"Алматы - Өскемен" жолында тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды

440

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Абай облысында республикалық маңызы бар жолда қозғалысты шектеді.

"Алматы - Өскемен" жолында тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды Фото: Halyq Uni

22 қараша кешкі сағат 18.30-дан бастап Абай облысы арқылы өтетін "Алматы - Өскемен" республикалық маңызы бар тасжолының 615-967 шақырым аралығында тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл - Алматы облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске. Жолды жабуға ауа райының нашарлауы себеп болды.

Бұл учаскеде "СинеМидасСтрой" ЖШС қайта құру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қысқы күтіп ұстау жұмысына аталған жолда 20 арнайы техника және 32 қызметкер жұмылдырылды.

Сондай-ақ кешкі 18.30-дан бастап "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымдарында да, яғни Үшарал қаласынан Абай облысы шекарасына дейін тіркемелі жүк көлігі қозғалысына шектеу қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу