"Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бері мықты әрі ашық қоғам құруға Америка Құрама Штаттары қазақстандықтармен бірге еңбек етіп келеді. АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы конституциялық институттар мен азаматтық қоғамды, ашықтықты қолдау, жалған ақпаратпен күресу, ағылшын тілін оқыту және оқу деңгейін арттыру, Қазақстан экономикасын нығайтып, түрлендіруге көмектесу арқылы қауіпсіз, инклюзивті және гүлденген болашақ құруға септігін тигізетінін мақтан тұтады. Отыз жылдан бері талай америкалық дипломат пен олардың отбасы мүшелері Алматыны өз үйіміз деп атап келеді. Біз осында тұрып, осында жұмыс істейміз. Тамақтанамыз, дүкенге барамыз, осында демаламыз. Және ортақ мақсаттарымызға қарай сіздермен бірге жылжу үшін осында әрі қарай да бола бермекпіз", – деді Кэролайн Сэвидж.