Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жаңашылдық сынақ түрінде Медеу ауданында енгізілді.
"Самокат мінген бірнеше мобильді топ тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында мегаполистегі саябақтарда кезекшілік етуде", - деп хабарлады полициядан.
Жыл басынан бері Алматыда самокат мінгендер жасаған жеті мыңға жуық құқықбұзушылық тіркелді. Бұған дейін олар жол қозғалысына қатысушылар сияқты жазаланса, қазір жүргізушілер ретінде жауапқа тартылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу