Алматы полицейлері есірткі қойып кетушілерді ұстады

Тәртіп сақшылары олардан 40 бума марихуананы тәркіледі.  

Алматы полицейлері есірткі қойып кетушілерді ұстады Фото: dubna.ru

Ұсталғандар 2002 және 1999 жылы туған азаматтар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Патрульдік экипаж Кемел шағын ауданында екі күдікті жас жігітті байқап қалған. Жеке тінту кезінде олардың бірінен өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат табылды. Ұсталғандар – 2002 жылы туған К.есімді азамат және 1999 жылғы Ж.есімді азамат. Олар тауарды сату үшін алып, тұрғын үй аумағына қойып кетпек болған. Олар интернет арқылы тапсырыс берушіге жасалған жұмысы туралы баяндап, суреті мен геолокациясы бар мекенжайды жіберіп отырған, – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес, қылмыстық іс тіркелді.

Жедел қызметкерлер есірткінің сатылу тізбегін және жеткізу арнасын қадағалауы керек. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу