Алматы полицейлері пара алып жатқан жерінде ұсталды

254

Белгілі болғандай, алматылық полицейлер сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған кезде видеоға түсіп қалған. 

Алматы полицейлері пара алып жатқан жерінде ұсталды Фото: бейнеден скриншот

2024 жылдың 3 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың 17 мамырында әлеуметтік желіде белгісіз автордың Алматы полиция қызметкерлеріне ақша аударылғаны туралы бейнежазба жарияланған.

Ақпаратты жүйелі талдаудың арқасында әртүрлі сипаттағы жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталады. Бұл ықтимал қауіп-қатерлерге уақытылы жауап беруге және қызметтің түрлі салаларындағы жемқорлықпен тиімді күресуге мүмкіндік береді.

Мысалы, 2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы орналастырылған, онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу