Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

491

Қалада "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр. 

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті Фото: polisia.kz

9 қарашадан бастап Алматы полициясы қызметтің күшейтілген режимге көшті, деп жазды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Іс-шараны өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында қала аумағында полиция жасағының, оның ішінде жаяу патрульдердің тығыздығы арттырылды", - делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда. Сонымен қатар полиция құрылыс және сауда салаларында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында тексерулер жүргізіледі. Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау, пәтер тонау, көлікті айдап әкету және тағы басқа айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша полиция департаментінің жедел бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейді.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы криминогендік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және ескертуге бағытталған ауқымды шара",- делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу