Алғашында оқиға суицид ретінде бағаланғанымен, марқұмның анасы қызының өздігінен секірмегенін, оның өліміне бөтен адамның қатысы бар екенін бірнеше рет мәлімдеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл жағдай биыл әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қоғам назарын аударды.
Бүгін Алматы қалалық полиция департаменті аталған іске қатысты ресми түсініктеме берді.
– Қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы 2024 жылдың шілдесінде болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында материалдар жинақталып, талдануда, куәлардан жауап алынып, бейнежазбалар қарастырылуда. Сонымен қатар заңға сәйкес өзге де процессуалдық шаралар қолға алынған, – делінген департамент таратқан хабарламада.
Полиция өкілдері тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.
– Біз марқұмның туыстарының қайғысына ортақтасамыз. Қылмыстық іс бойынша соңғы процессуалдық шешім барлық сараптама нәтижелері шыққаннан кейін және тергеу амалдары толық аяқталған соң қабылданатын болады, – деді ведомство өкілдері.