Алматы полициясы ата-аналарға мәлімдеме жасады

110

Соңғы кезде мегаполисте көлік апатынан балалар өлімі жиіледі.

Алматы полициясы ата-аналарға мәлімдеме жасады Фото: freepik.com

Алматы қалалық полициясы балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көбейгенін айтып дабыл қағып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өкінішке қарай, кейде жол апаттары кәмелетке толмағандардың өлімімен аяқталады.

"Бізді балалардың жол бойында ересектердің қарауынсыз қалып қоятыны және жол қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын білмейтіндігі алаңдатады. Бұл – ата-аналар мен заңды өкілдерінің немқұрайлылығы мен салғырттығының салдары. Балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Есіңізде болсын, бір сәт – орны толмас қайғы болуы мүмкін. Баланың қауіпсіздігі – сіздің тікелей жауапкершілігіңіз", – деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Ержан Шайхиев. 

Сондай-ақ полиция өкілі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына енгізілген өзгертулерге сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік енді ата-аналар мен заңды өкіліне жүктелетінін еске салды.

Өкінішке орай, 2 сәуірде Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кетті. Жол-көлік оқиғасынан оқушы қыз мерт болды. 

Сондай-ақ, 3 сәуір күні жол апатынан тағы 7 жасар бала көз жұмды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу