Алматы полициясы әуе патрульін қайта бастады

747

Бұл қаладағы көлік қозғалысын бақылап, кептелістердің себептерін анықтауға мүмкіндік береді. 

Алматы полициясы әуе патрульін қайта бастады

Алматыда 12 тамыздан бері тікұшақ патрульі іске қосылды. Қала тұрғындары аспандағы әуе кемесіне қарап, алаңдаушылық  білдіруде. Бұл ретте қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі уайымдауға еш негіз жоқ екенін мәлімдеді.  

"Соңғы жылдары Алматы қаласының көшелерінде және автокөлік жолдарында көлік ағынының тығыздығы едәуір артты. Осыған байланысты полиция жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша шаралар қабылдауда.  Жол қозғалысына кедергілердің себептерін анықтау, қозғалысты ұйымдастыруға өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы жедел шешім қабылдау үшін қаланың жолдарындағы жазатайым оқиғалар мен жарақаттану деңгейінің төмендеуіне тиімді әсер ететін тікұшақ патрульдерін қала бойынша қайта іске қосу туралы шешім қабылданды", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Әуе рейстері ТЖД тікұшағымен орындалуда.  Оған әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысуда. Мамандар жолдағы жағдайды  бақылай отырып патрульдік бригадаларға онлайн режимінде қозғалыс шектелген жерлер туралы ақпараттар береді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу