Алматы полициясы барлар, мейрамханалар мен тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендерді тексерді

500

Медеу аудандық полициясының мәліметінше, түнде 14 ойын-сауық орны тексерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

 Алматы полициясы барлар, мейрамханалар мен тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендерді тексерді

"Бұл іс-шара негізінен демалыс күндері, жүйелі түрде жүргізілетінін атап өткім келеді. Осы түнде он кафе, мейрамхана, бар, екі компьютерлік клуб, сондай-ақ екі тәулік бойы жұмыс істейтін дүкенде жергілікті рейдтер жүргізілді. Аталған түнгі мекемелердің 17 әкімшісі мен басшысына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 441-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалып, аталған бардың клиенттерінің арасынан тағы жеті адам ҚР ӘҚбК-нің 441-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, екі түнгі ойын-сауық орындарының иелері біздің назарымызға бұрын да ілікккенін атап өткен жөн: оларды жауапкершілікке тартқанмен, одан тиісті қорытынды шықпады. Мұндай әрекетсіздік ҚР ӘҚбК-нің 479-бабы бойынша әкімшілік іс қозғауға негіз болды. Сондай-ақ компьютерлік клубтардың бірінде сағат 23.00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Аталған мекеме менеджера қатысты ҚР ӘҚбК-нің 442-бабы 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық дерегі бойынша әкімшілік материал жиналды", - деді Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.

Бұған дейін Алматы қалалық ПД, 9 ойын-сауық мекемесі орналасқан үйге полиция қызметкерлерінің 300-ден астам рет барғанын айтты.

Еске салайық, мәселе Төлебаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысына жақын жерде орналасқан клубтар мен барлар туралы болып отыр.

"102" пультіне 300-ден астам сигнал келіп түсті, оларға патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар дереу әрекет етеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған мекемелердің әкімшілігі мен келушілерінен 901 адам түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу