Алматы полициясы блогер Назар Ролланды іздестіріп жатыр

105

​Алматы қаласының полициясы жол ережесін бұзғаны үшін бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған 28 жастағы блогер Назар Ролланды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы полициясы блогер Назар Ролланды іздестіріп жатыр Фото: желіден

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының qamqor.gov.kz порталындағы мәліметке сәйкес, іздестіру ісі 2026 жылғы 14 қазанда тіркелген. Істі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бастаған. Қазір іздестіру жұмыстарын Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Алайда блогердің неліктен іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат әзірге жарияланбаған. Осыған байланысты Kazinform агенттігі Алматы қалалық полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Назар Роллан әлеуметтік желілерде жол қозғалысы ережелерін бұзған сәттерін түсіріп, жариялау арқылы танылған.

2018 жылы ол Әл-Фараби даңғылында көлікті қарсы қозғалыс жолағымен жүргізіп, сол сәтті видеоға түсірген. Осы оқиғадан кейін жүргізушіге қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылған.

Ал 2019 жылы блогер Porsche автокөлігін тізгіндеп келе жатқанда Достық көшесі мен Абай даңғылының қиылысында тоқтатылды. Ол алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу