Алматы полициясы Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты үндеу жасады

608

2,5 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылады.

Алматы полициясы Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты үндеу жасады

Алматы полициясы концерт кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ПД-нің қызметтері мен бөлімшелерінің 2,5 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылатынын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

– Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық аренадағы айтулы оқиға, сондықтан оны дүрбелеңсіз, бейберекетсіз және ешқандай құқық бұзушылықтарсыз өз деңгейінде өткізу өте маңызды. Полиция қызметкерлері концерт өтетін орын мен оған жақын аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің бойына көліктерді қоюға тыйым салынғанын ескертеміз. Осыған байланысты қонақтарды көліктерін алдын ала тұраққа қоюға, қосалқы көшелерді пайдалануға және кептелістерді болдырмау үшін олардың бағытын алдын ала реттеуге шақырамыз. Концерт кезінде өзін-өзі ұстау мәдениетіне, алкогольді ішімдіктерді пайдалануға тыйым салуға ерекше назар аударамыз. Аға буын жанкүйерлері мен балалары бар әйелдерге құрмет көрсетуге шақырамын, – деді Алматы қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу