Алматы полициясы E-Polisia KZ қосымшасын іске қосты

1071

Кез-келген азамат өзінің мобильді құрылғысын пайдаланып, карантин кезеңінде қалада жүруге рұқсаты бар-жоғын біле алады.

Алматы полициясы E-Polisia KZ қосымшасын іске қосты

Ішкі істер министрлігінің қолдауымен Алматы қалалық полиция департаменті E-Polisia KZ қосымшасын іске қосты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 "Қазіргі кезеңдегі оның ең маңызды артықшылығы – коронавируспен күресу жөніндегі Жедел штабтың арнайы мәліметтер базасында ЖСН бойынша және көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірінің болуын тексеру.  Енді кез-келген азамат өзінің мобильді құрылғысын пайдаланып, қосымшаны жүктеп алып, оның осы дерекқорда бар-жоғын және сәйкесінше, қалада карантин кезеңінде жүруге рұқсаты бар-жоғын біле алады", – деді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы,  полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Енді полиция департаментінің сall-орталығына қоңырау шалудың қажеті жоқ.  Сондай-ақ, осы қосымшаның көмегімен онлайн режимінде полицияға өтініш, шағым жазуға болады.

"Қосымша арқылы короновирус туралы тиісті ақпаратпен таныса аласыз.  Бүгінгі таңда көптеген азаматтарды жоғарыда аталған тақырып қызықтырады, сондықтан "Жиі қойылатын сұрақтар" айдары аталған тақырыпқа бейімделген.  Қосымшада карантиндік аймақтың периметрі бойынша жол тосқауылдарын кесіп өту ережелері туралы бөлім де бар. Қосымшаның басты бетінде полиция басқармасы, аудандық әкімшіліктер мен полиция бөлімдерінің орналасқан жері туралы мәліметтер де көрсетілген", – деді департамент басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу