Алматы полициясы есірткі өсіру деректерін анықтады

638

Бірінші жағдайда, 47-жастағы Х.есімді азамат өз учаскесінде марихуанасы бар бұталарды өсірген. 6 соток жерге ер адам 687 түп қарасора еккен, деп жазды inbusiness.kz Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

Алматы полициясы есірткі өсіру деректерін анықтады

"Тәркіленген шөптің жалпы салмағы 42,5 келі.  Х.есімді азамат есірткіні жеке пайдалану үшін өсіргенін мойындады.  Тағы бір жағдайда, Алмалы ауданының 70 жастағы тұрғыны өз бақшасында тыйым салынған өсімдік өсірген. Оның учаскесінде 48 түп қарасора табылды.  Әйел адам бұл шөпті өсіріп, оны тек емдік мақсатта қарағанын айтты.  Бұл ақпарат қайта тексеріледі", - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сағындық Аяғанов.

Екі дерек те ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.  

Процессуалдық шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу