Алматы полициясы Қазақстанға заңсыз келген шетелдіктерді іздестіріп жатыр

1668

Қалада "Келімсек" жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.  

Алматы полициясы Қазақстанға заңсыз келген шетелдіктерді іздестіріп жатыр Фото: polisia.kz

Алматы қаласының полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматыда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және шетелдіктердің Қазақстан Республикасында жүріп-тұру ережелерін бұзу деректерін анықтау мақсатында "Келімсек" жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Ол 11-15 наурыз аралағында өткізіледі. 

Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтың айтуынша, бұл іс-шара еліміздегі шетелдіктердің құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған.  Жедел іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қалада барлығы 80 көші-қон заңнамасын бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір шетелдік азаматтардың жаппай болатын жерлері ерекше бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу