Топ 4 адамнан тұрады. Бұл – 1998, 1999 және 2000 жылы туған жастар. Күдіктілер соңғы рет 5 маусымда Алматының Медеу ауданында ұрлық жасаған. Олар қылмыстарын мойындады.
"Үйлердің бірінің ауласында күдіктілер "Тойота Прадо" автокөлігінен катализаторы бар глушительді толығымен шешіп алып, сол арқылы 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. 5 маусым күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімшенің және Түрксіб аудандық ПБ қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олардан бөлшектерді кесуге арналған арнайы құралдар да тәркіленді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Ұсталған адамдар өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қаланың Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандарында осыған ұқсас 9 қылмыс жасауға қатысы бар екеніндігі дәлелденді. "Тойота Прадо" көлігінің катализаторы тәркіленіп, қылмыстық іске қосылды", – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Спикердің айтуынша, ұрланған бөлшектерді қабылдап, сатып алып отырған азамат та анықталды және ұсталды.
"Ол көліктердің катализаторларын бөлшектелген күйінде алғанын, содан кейін металдың құрамы мен құнын анықтайтын арнайы анализатор арқылы бағалау жүргізілгенін айтты. Содан кейін катализаторларды тапсырған адамға акт толтырылды. Заттар одан әрі зауытқа сату үшін дайындалды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізілуде", – деді спикер.