Алматы полициясы көліктері лас жүргізушілерді жазалауда

640

Бес күнде 100-ден аса адамға қатысты хаттама толтырылды. 

Алматы полициясы көліктері лас жүргізушілерді жазалауда

Бұл жұмыс "Автокөлік" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz

Іс-шара ұйымдастырылған бес күнде қаланың тек орталық бөлігінде жүк көліктері лас 106 жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды.

"Атап айтқанда, ҚР ӘҚбК-нің 602 бабының талаптарын бұзғаны үшін - 15 факт, ҚР ӘҚбК-нің 630-бабы 1-бөлігі - 28 факт, ҚР ӘҚбК-нің 334-бабы 1 -бөлігі - 20 факт, ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөлігі - 6 факт, ҚР ӘҚбК-нің 620-бабы 1-бөлігі - 15 факт, ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігі - 8 факт, ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі - 5 факт, ҚР ӘҚбК-нің  590-бабы 5-бөлігі - 4 факт, ҚР ӘҚбК-нің 594-бабы 1-бөлігі - 5 факт және өзге. Бұл ретте айта кету керек, көбінесе лас көліктер құрылыс алаңдарына заттар тасыған.  Құрылыс алаңынан шығып, жол бойында кетіп бара жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушілері өздерінің көліктерін таза күйге келтіруге міндетті.  Ал тәжірибе көрсеткендей, бұл тәртіп барлық жерде сақталмайды.  Алдын алу іс-шарасы осындай фактілерді анықтауға бағытталған", – деді Медеу аудандық ПБ басшысының міндетін атқарушы, полиция майоры Елнұр Құдретбаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу