Алматы полициясы күшейтілген қызметке ауысты

753

Мегаполисте "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын-алу науқаны өтуде. 

Алматы полициясы күшейтілген қызметке ауысты

22-24 қыркүйек аралығындағы шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азайтуға бағытталған. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.

"Науқанның мақсаты - алдын-алу жұмыстарын күшейту және жол пайдаланушылары арасында қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау, тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын азайту.  Бұл күндері жеке құрам күшейтілген режимде қызмет етеді.  Сондай-ақ, "Қауіпсіз жол" науқаны аясында жолаушылар мен жүктерді автокөліктермен тасымалдауды жүзеге асыруда жол қауіпсіздігін бақылауға ерекше назар аударылады ", - деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, жауынгерлік қызметтің жеке құрамына жол жүру ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол ережелерінің талаптарын ескермейтін жүргізушілерді анықтау сынды міндеттер жүктелген. Себебі шаһарда мас күйінде көлік жүргізу, қарама қарсы бағыттағы жолға шығу, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу, мемлекеттік нөмірсіз көлік құралын басқару сынды өрескел заң бұзушылықтар жиі орын алады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында Жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Көбіне жол апатына тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де кінәлі. Сондықтан мен жол қозғалысының барлық қатысушыларына көшелерді қатаң белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдерінен және тек жасыл бағдаршам жанғанда өтуді ескерткім келеді. Жүргізушілер өте мұқият болып, жол ережесін бұзбай және жылдамдық режимін сақтауы керек", - деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу