Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

176

Полиция көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларында құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізіп жатыр. 

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті Фото: inbusiness.kz

Алматы полициясы "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті. 10-20 мамыр аралығында Алматы полициясы күшейтілген түрде қызмет етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге ұлттық ұланның әскерилер, полицейлермен және бөлімше қызметкерлері жұмылдырылған.

“Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды. “Қылмысқа мүлдем төзбеушілік” қағидаты аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралайды”, – деп мәлімдеді полиция.

Полиция көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларында құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізіп жатыр.

“Азаматтық қару иелері мен полицияның профилактикалық есебінде тұрған адамдарды тексеру жүргізіліп жатыр. Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сонымен қатар бөтеннің мүлкін ұрлаумен, пәтер тонаумен, ұрлықпен және т.б. айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД-ның жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді”, – делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу