Алматы полициясы қылмыстық істі электронды форматта жүргізеді

869

Биыл Алматы полициясы қылмыстық іс бойынша 30 225 процессуалдық шешім қабылдады. Оның 24 708-не прокурорлар келісім берді. Нәтижесінде азаматтардың құқығын бұзу көрсеткіші 38%-ға азайды. 

Алматы полициясы қылмыстық істі электронды форматта жүргізеді

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың сөзінше, Алматы полиция департаментінде қылмыстық істерді электронды форматта жүргізу үшін 375 жұмыс орны жабдықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Электронды форматты қолдану полицейлердің жұмысын ашық етеді, ал деректерді қорғау бойынша пайдаланылатын технологиялар қылмыстық істе құжаттардың бұрмалануының және ауыстырылуының алдын алады", – деді Нұрділдә Ораз.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу