Алматы полициясы "L-Капитал" компаниясынан зардап шеккендерді іздестіруде

1087

Бұған себеп бір топ қала тұрғынының ұжымдық арыз түсіруі. 

Алматы полициясы "L-Капитал" компаниясынан зардап шеккендерді іздестіруде

Алматы қаласының полицейлері "L-Капитал" компаниясынан зардап шеккен салымшыларды іздестіруде, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ға сілтеме жасап. 

"Алматы қаласының Полиция департаменті Тергеу басқармасы салымшылардың ұжымдық өтініштері негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ведомствоаралық тергеу жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде санкцияланған іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттері барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. "L-Капитал" компаниясы басшылығының әрекетінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасына өтінішпен жүгінулері керек", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу