Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады

154

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Алматыда қала күніне орай бірқатар мәдени-көрсетілімдік және бұқаралық іс-шаралар жоспарланған.  

Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қалалық полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қала күніне орай өткізілетін іс-шараларға байланысты 17-21 қыркүйек аралығында Төле би көшесінде Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлікте көлік қозғалысы екі бағытта уақытша шектеледі", – делінген Алматы қалалық ПД хабарламасында.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын:

  • қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға;
  • қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған уақытша шараларға түсіністікпен қарауға;
  • жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Бұған дейін қала күніне орай Төле би көшесінде ауқымды дайындық жұмыстары басталғанын, концерттік іс-шараларды өткізу үшін сахна, трибуна және басқа да қажетті жабдықтар орнатылатыны айтылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу