Алматы полициясы қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтарында және басқа да қоғамдық орындарда келушілерге ақ ленталар таратуда, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қалалық ПД хабарлауынша бұл "Ақ лента - Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" науқанының аясында өтіп жатқан шара.
"Мұндай науқан 1991 жылдан бері бар. Канадада ақ лента қозғалысы, ерлердің бастамашыл тобы әйелдер мен балалардың жыл сайын отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шегетініне көздерін ашуға шешім қабылдаған кезде басталды. Зорлық-зомбылықтан бас тартудың белгісі ретінде олар киіміне ақ лента тағуды бастады", – дейді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
Жергілікті полиция қызметі хабарлағандай, "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ" науқаны аясында инспекторлар 10 мыңнан астам ақпараттық брошюраларды, буклеттерді, жадынамаларды таратқан.
Сонымен қатар, қаладағы 53 цифрлық бейне жарнамалық тақтада отбасындағы озбырлықты тоқтатуға шақыратын видео таратылуда.
Құралай Құдайберген