Алматы полициясы ұрланған қарудың тағы бір партиясын тәркіледі

649

Қаламбаев көшесіндегі үйлердің бірінің жанында екі мылтық пен патрондарды салатын қалта көмілген. 

Алматы полициясы ұрланған қарудың тағы бір партиясын тәркіледі

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды inbusiness.kz

"Біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында биылғы жылдың 6 қаңтарына қараған түні қару-жарақ дүкенінен қару ұрлағаны үшін 1994 жылы туған С. есімді азаматты ұстады.  Айғақты зат ретінде тұрғын үй маңына көмілген қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Атап айтқанда, мәселе “Remington” мылтығы, “Benelli” тегіс ұңғылы мылтығы, екі патрон салатын қалта және сегіз патрон туралы болып отыр. Күдікті кінәсін мойындап, қылмысты қалай жасағанын айтып берді.  Қылмыстық іс тергелуде", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу