Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады, деп хабарлады inbusiness.kz.
"Бұл үндеу қауіпті көлік құралы жүргізушілер құрамына бағытталған. Біз оларды жол ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін ескеруге және автокөлікті бар зейінін салып жүргізуге шақырамыз. Көптеген автокөлік жүргізушілері дөңгелектерін жаздыққа ауыстырып үлгергені белгілі, сондықтан біздің үндеуіміз қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы жағдайларды болдырмауға көмектеседі деп есептеймін", - деді Алматы қалалық полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу