Жаңа жыл мерекесіне байланысты тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жаңа жылды мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді. 3 мыңнан астам полицей қаладағы тәртіпті тәулік бойы күзетеді.
Патрульдік экипаждардың саны ұлғайтылды, қызмет көрсету маршруттары күшейтілді, жаяу патрульдік қызметке Ұлттық ұланның 300 әскері тартылды.
– Азаматтар көп жиналатын орындар мен мәдени-ойын-сауық шаралары өтетін орындар ерекше бақылауда, – деп хабарлады ведомстводан.
Алматы тұрғындары Жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті. Қалада түрлі концерттер мен іс-шаралар, сондай-ақ негізгі жаңа жылдық жәрмеңке өтіп жатыр.