Алматы "Повара на колесах" гастрономиялық шоуында көрсетіледі

161

Жоба форматына сәйкес, бас аспаздар авторлық тағамдар әзірлейді.  

Алматы "Повара на колесах" гастрономиялық шоуында көрсетіледі Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Ал, жеңімпазды қала тұрғындары таңдайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

8 ақпанда Астана уақытымен сағат 14:00-де Ресейдің "Первый канал" телеарнасында Алматыда түсірілген "Повара на колесах" гастрономиялық реалити-шоуының шығарылымы эфирге шығады.

Түсірілім 2025 жылы 2-5 қазан аралығында өткен. Бағдарламада Мәскеуден келген жұлдызды бас аспаздар қаланың гастрономиялық мәдениетімен және тарихымен танысып, сондай-ақ Алматының көрнекті орындарын аралайды.

Шығарылымға ұлттық тағамдар мейрамханасы, Алма-Арасан курорттық аймағы, жүргіншілерге арналған Арбат көшесі енді. Байқауға қажетті өнімдерді қатысушылар көк базардан сатып алған.

Түсіру тобына Almaty Tourism Bureau командасы ұйымдастырушылық қолдау көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу