Алматы прокуратурасы Ермек Нарымбаевтың ұсталуына қатысты түсінік берді

4393

Ол елде ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталған.  

Алматы прокуратурасы Ермек Нарымбаевтың ұсталуына қатысты түсінік берді

Биыл 6 ақпанға қараған түні Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық белсендісі Киевтен ұшып келген. Оны әуежайда көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ұстаған.

"Ұсталған адам іздеуде болған. Сот үкімімен Ермек Нарымбаев Қылмыстық кодекстің 174-бабы ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру") бойынша бас бостандығынан айырыла отырып сотталған", – деп жазылған хабарламада.

Сот үкімін орындау үшін Нарымбаев тергеу изоляторына қамалды.

Алматы полиция департаменті басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Руслан Әбдірахмановтың айтуынша, Ермек Нарымбаев бас бостандығын шектеуге үкім шығарылғаннан кейін пробациялық бақылауға тұруы керек болған. Алайда ол мұны істемеген, осыған байланысты ол іздеуге жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу