Алматы прокурорлары 17 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алудың күшін жойды

523

2023 жылдың басынан бастап прокурорлардың актілері бойынша 17 млрд. теңгеден астам сомаға 46 конкурс жойылды.

Алматы прокурорлары 17 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алудың күшін жойды Фото: google

10 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 9 мемлекеттік ұйымның басшыларына 5 млн.теңгеге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушілерге жоғары біліктілік талаптарын қойған, конкурстық құжаттаманы толық ұсынуды қамтамасыз етпеген, сатып алу тәсілін дұрыс таңдамаған.

"Осы жылдан бастап, мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сатып алу тәсілдерінің бірі рейтингтік- балдық жүйе (РБЖ) қолданылады."

Ол конкурсқа әсер ететін ұсыныстарды, критерийлерді автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды комиссияның қатысуынсыз анықтайды, яғни адами факторсыз, өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама қалыптастырады.

"Сонымен қатар, Алматы қаласы прокуратурасы мониторинг арқылы тапсырыс берушілердің бірі автожолдар салу кезінде электрмен жабдықтау желілері саласында лицензияланатын қызметтің бір түрінің міндетті түрде болуы туралы кәсіпкерлерге негізсіз талаптар қойғаны анықталды."

Бұл конкурс қорытындыларына әсер ету ретінде қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу