Алматы прокурорының орынбасары ұсталғаны рас па?

328

Ведомство ресми мәлімдеме жасады. 

Алматы прокурорының орынбасары ұсталғаны рас па? Фото: gov.kz

Алматы қаласының прокуратурасы Ауғанбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алматы қаласы прокурорының орынбасары Н.Ж. Ауғанбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні ол кезекті еңбек демалысында", - деп хабарлады прокуратурадан.

Ведомство Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін сондай-ақ "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы заңының 25-бабына сәйкес шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салды.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаевтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу