Алматыдағы Райымбек – Бокейханов қиылысындағы көпірдің бөлшегі құлап түсті. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Төтенше оқиға бүгін күндіз тіркелді. Тоз-тозы шыққан көпірдің бетон бөлшектері құлай бастаған. Эстакаданың астымен өтіп бара жатқан қытайлық жүк көлігі зақымданды. Қазір жол қызметкерлері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аталмыш жолайырық Алматыдағы ең ескілердің бірі екенін айта кеткен жөн.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу