Алматы – Сарыағаш бағыты бойынша темір жол қатынасы тоқтайды

733

Әлеуметтік маңызы бар 4 бағыт бойынша пойыздар саны шектеледі.  

Алматы – Сарыағаш бағыты бойынша темір жол қатынасы тоқтайды

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов мәлім етті.

"1 маусымнан бастап елімізде темір жол қатынасы іске қасылды. Барлығы 93 бағыт бойынша пойыздар жүре бастады. 19 маусымнан бастап барлық Тальго пойыздарының билеттеріне 30%-жеңілдіктер жасалды. Ал 5 шілдеден бастап Алматы – Сарыағаш бағыты бойынша темір жол қатынасы уақытша тоқтайды. 4 әлеуметтік маңызы бар пойыз бағыттары қысқартылады. Оның ішінде Нұр-Сұлтан – Алматы, Алматы – Павлодар, Нұр-Сұлтан – Өскемен, Нұр-Сұлтан – Достық бағыттары бар. Сонымен қатар қала маңында қатынайтын 22 маршрут бойынша қатынас тоқтатылады", – деді Асылхан Қалдыкөзов 8 маршрут бойынша отыратын орындары бар жалпыға ортақ вагондар қысқартылатынын, Тальгоның 6 маршрут бойынша отыратын орындары бар вагондар жабылатынын айтты.

"Аталған бағыттар бойынша билет сатып алғандар оны өткізіп, ақшасын толық қайтарып ала алды немесе басқа ұқсас бағыт билетіне ауыстырса болады. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік маңызы бар пойыздарға билетті арнайы жеңілдікпен сатып ала алатындарын ескерткім келеді. Оларға 50% жеңілдік қарастырылған", – деді ол.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу