Алматыда "Сарыарқа" және "Момышұлы" метро стансалары қашан іске қосылады?

1047

Қазіргі кезде жаңа стансалар 96% дайын.

Алматыда "Сарыарқа" және "Момышұлы" метро стансалары қашан іске қосылады?

Алматыда 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңына "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро стансалары іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро стансаларын іске қосамыз. "Қалқаман" стансасының құрылысы жалғасады. Қазіргі кезде жаңа стансалар 96% дайын", – деді Бақытжан Сағынтаев. 

Айта кететіні, жаңа бағыттардың жолы Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Ясауи көшесіне дейінгі батыс бағытта салынған. 

"Сарыарқа" станциясы Family саябағының ауданында, ал "Бауыржан Момышұлы" станциясы Абай даңғылының төменгі жағында, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу