Алматы саябақтарының маңайындағы жерлер аукционға қойылды

836

Көрікті жерлерде орналасқан 12 жер телімі жалға беріледі.  

Алматы саябақтарының маңайындағы жерлер аукционға қойылды

Алматы Бизнес штабтың хабарлауынша, "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" АҚ уақытша сауда үшін 12 жер телімін жалға беру бойынша аукцион өткізеді. 

Саудаға Медеу, Алмалы, Бостандық, Әуезов және Жетісу аудандарында орналасқан аумағы 27-195 шаршы метр аралығындағы саябақ жанындағы аймақтар шығарылған.  

"Аукционға қатысу талаптары мен жер телімдерінің нақты мекен-жайларын www.spk-almaty.kz және www.almaty.upp.kz сайттарынан білуге болады. Аукционға шығарылған жерлер сауда жақсы жүретін, адам көп өтетін танымал саябақтардың жаны", – деп жазылған хабарламада. 

Сауда екі кезең бойынша жүргізіледі. Біріншісі өтініштерді қабылдау, екіншісі қорытынды шығару. Сонымен қатар аукцион ағылшын әдісімен жүргізілмек. Бастапқы баға 100 мың теңге. Ал бір қадам бастапқы бағадан 10%-ға жоғары. 
Ал оның жеңімпаздарымен келісім шарт 2024 жылдың 18 наурызына дейін жасалады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу