Сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты Жапония тәжірибесі Алматыда қолданысқа енгізіледі

388

Алматыда БҰҰ Даму бағдарламасы мен Жапония сарапшыларының қатысуымен кездесу өтті.    

Сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты Жапония тәжірибесі Алматыда қолданысқа енгізіледі Фото: gov.kz

Тараптар Жапония Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Орталық Азиядағы апат қаупін азайту жөніндегі өңірлік жоба аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуде Алматының жер сілкінісіне төзімділігін арттыру, қалалық қызметтердің жедел әрекет ету қабілетін күшейту және сейсмикалық тәуекелдерді басқаруда халықаралық тәжірибелерді енгізу жайы қарастырылды.

Сарапшылар халықты дер кезінде хабардар ету мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру негізгі бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу