Тұсаукесер Shanghai Plaza іскерлік орталығында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Бұл қаланы шетелде таныту мен Қытаймен әріптестікті дамыту жолындағы жаңа маңызды қадам.
Шетелдік қонақтарға Алматының туристік бағыттары, көрікті орындары, мәдени шаралары мен асханасы таныстырылады. Жеке кеңестер ұйымдастырылады, сондай-ақ, фото, бейне және қала туралы пайдалы ақпарат ұсынылады.
"Жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Оның аясында Алматы қаласының туризм басқармасы мен Шанхайдың туристік компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ", - делінген хабарламада.
Екі ел арасындағы туризмді дамытуға серпін беретін тағы бір фактор – Алматы мен Шанхай арасындағы тікелей әуе рейстерінің іске қосылуы болмақ.
China Eastern Airlines әуе компаниясы жақын арада тұрақты рейстерді бастауды жоспарлап отыр.