Алматы-Шу бағытында тағы бір теміржол ашылды

993

Алматы-Шу бағытында тағы бір теміржол ашылды

"Қазақстан темір жолы"  Алматы – Шу бағытындағы екінші жолдың салынып біткенін жеткізді, деп хабарлайды abctv.kz.  
27 қарашада Алматы –Шу теміржол желісінің екінші учаскесінің құрылысы мен теміржол үстінен Алматы – Шамалған автокөлік даңғылы қатар ашылды. Жоба мемлекет басшысының "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.
Ақсеңгір станциясында өткен  салтанатты шараға "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, көлік қызметкерлері мен ардагерлері, құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.
Алматы–Шу темір жол учаскесі еліміздің көлік жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Ұзындығы 113 шақырымдық екінші теміржол учаскесі екі жыл ішінде салынып біткен. Осы уақыт ішінде үлкен құрылыс ауқымы орындалды. 16 станция жаңғыртылды. 13 көпір мен жол өткелдері салынып, 156 шақырымға электр желісі мен басқа да өндірістік инфрақұрылымдық нысандары тұрғызылды.
Екінші теміржол учаскесін іске қосу желінің аса қарқынды учаскелерінің өткізу қабілетін 4 есеге арттыратын болады.
Сонымен қатар 1,7 шақырымдық Елтай-Мерей жаңа автокөлік жолы салынып, Елтай кентінен ұзындығы 740 метр болатын жол өткелі салынды. Осылайша әлеуметтік жоспар мәселесі шешіліп, енді Елтай кенті, Береке, Екпінді, Жетісу жалпы Қарасай ауданы елдімекендерінің тұрғындары теміржолды кесіп өтуде қиналмайтын болды. Бұл өткел екі теміржол айырығының кептелісін азайтып, автожол арқылы тәулігіне 17 мың көліктің өтуіне мүмкін берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу