Іле Алатауының Үлкен Алматы шыңына шыққан 2 адам қараңғы түскендіктен өз бетінше төмен түсе алмай құтқарушыларға хабарласқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олар шыңға күндіз көтерілген, бірақ қараңғы түскендіктен төмен түсу мүмкін болмады.
Көмек сұрап, өздерінің Қотырбұлақ шыңында екенін хабарлаған.
Оқиға орнына шыққан ТЖМ құтқарушылары Қотырбұлақ шыңы бағытында жүріп, оларды Букреев шыңында тапты.
– Үйлесімді және кәсіби іс-қимылдардың арқасында барлық олар таудан сәтті түсірілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады, – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу