Алматы ШЫҰ-ның мәдени әрі туризм астанасы болып бекітілуі мүмкін

590

Ержан Еркінбаев Алматыны 2023-2024 жылдары ШЫҰ-ның мәдени және туризм астанасы ретінде бекітуді ұсынды.  

Алматы ШЫҰ-ның мәдени әрі туризм астанасы болып бекітілуі мүмкін Фото: caravanistan.com

17 наурызда Үндістанның Варанаси қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттерінің туристік әкімшіліктері басшыларының кездесуі өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев басқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мен Пәкістан өкілдері қатысты. Тараптар ШЫҰ елдерінде туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және осы индустрияны бірлесіп дамытуға бағытталған бірнеше құжатқа қол қойды.

Вице-министр айтқан ұсыныстардың бірі ірі халықаралық іс-шаралар алаңдарында, оның ішінде бірыңғай стендтерде ШЫҰ мемлекеттерінің туристік әлеуетін ілгерілетудегі күш-жігерді біріктіру болды. Сондай-ақ Ержан Еркінбаев Алматыны 2023-2024 жыл аралығында ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы етуді ұсынды.

"Бүгінгі таңда ШЫҰ елдерімен барлық салаларда ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың оң серпіні байқалады, туризм де солардың қатарында. Қазіргі уақытта Қазақстанда визасыз режим 79 елдің азаматтары үшін жұмыс істейді (ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттерді қоса алғанда), осы тізімді 100 елге дейін жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ 100-ден астам әуе жолдары бойынша 30 мемлекетпен тікелей әуе қатынасы бар", - деді Ержан Еркінбаев.

Айта кету керек, 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу