"Алматы СпецТехПаркинг Сервис" директоры ұсталды

847

Басшы тергеу кезінде 2 ай қамауда отырады.

"Алматы СпецТехПаркинг Сервис" директоры ұсталды

Алматыда "Алматы СпецТех паркинг Сервис" компаниясының директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Күдіктіге қатысты сот 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылғы 15 маусымға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын санкциялады", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, "Алматы СпецТехПаркинг Сервис" қаладағы ақылы автотұрақтардың операторы болып саналады, айыппұл тұрақтарына қызмет көрсетеді.

Еске сала кетсек, Алматыда ақылы автотұрақтар жүйесі 2016 жылы енгізілген. Соңғы жылдары мегаполис ішінде ақылы автотұрақтар саны көбейді.  Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, қазір шаһарда 11 мың ақылы автотұрақ бар, бұл қаладағы жалпы автотұрақтардың 15%-ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу